«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V Заңы (2026.12.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

 

9-бап. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін көппəтерлі тұрғын үй құрылыс салушысының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде бес мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде екі жыл тәжірибесі болуы міндетті.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тəсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұрғын үйлер кешені құрылыс салушысының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр жəне өзге де əкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде бес мың шаршы метр көппəтерлі тұрғын үйлер жəне (немесе) жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде екі жыл тəжірибесінің болуы міндетті.

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін құрылыс салушы уәкілетті компания құрады немесе көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының бір жобасынан көп емес қызметті жүзеге асыру үшін өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бір жүз пайызын сатып алады.

Көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бір жер учаскесінде бірнеше құрылыс объектісін көздеуі мүмкін.

Егер мұндай құрылыс көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасында көзделген болса, бірнеше жер учаскесінде құрылыс объектілерін салуға жол беріледі.

Құрылыс салушы көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының алдыңғы жобасын салу, іске қосу және пайдалануға қабылдау бойынша өз міндеттемелерін орындаған уәкілетті компанияны немесе өзі жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын өзге де заңды тұлғаны тартуға құқылы.

3. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін уәкілетті компанияның:

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы болуы міндетті.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың 3-тармағында айқындалған мүлік, құрылысты қаржыландыратын екінші деңгейдегі банкте кепілде болуы мүмкін жер учаскесін қоспағанда, қандай да бір ауыртпалықтардан, құқықтардан және үшінші тұлғалардың талаптарынан еркін болуға тиіс.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Құрылыс салушы жəне уəкілетті компания осы бапта белгіленген талаптарға сəйкес келген кезде құрылыс салушы жəне (немесе) уəкілетті компания көппəтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын аяқтау үшін жеткілікті сомаға құрылысты қаржыландыруға əзірлігі туралы екінші деңгейдегі банктің шешімін алу үшін екінші деңгейдегі банкке өтініш жасайды.

Екінші деңгейдегі банк пен уəкілетті компания арасында жасалған банктік қарыздың кредиттік шарты, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бар, аяқталмаған құрылыс құнын шегергендегі көппəтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген сомаға несие берешегінің болуы туралы анықтама көппəтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын қаржыландыруға əзірлігі туралы екінші деңгейдегі банктің шешімін растау болып табылады.

Екінші деңгейдегі банк көппəтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін қаржыландыруға əзір болған жағдайда уəкілетті компаниямен жəне инжинирингтік компаниямен үшжақты шарт жасасады, онда инжинирингтік компанияның осы Заңның 20-бабының 1-тармағында көрсетілген уəкілетті компанияның банктік шоттары бойынша жүргізілетін операциялар туралы ақпарат алуына уəкілетті компанияның келісімі көзделеді.»;

6. Құрылыс салушы және уәкілетті компания осы бапта белгіленген талаптарға сай болған жағдайда, құрылыс салушы мен уәкілетті компания облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына осы Заңның 18-бабында белгіленген тәртіппен үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алу үшін өтініш жасайды.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алынғаннан кейін ғана осы Заңның 20-бабында белгіленген талаптар ескеріле отырып, уəкілетті компанияның банктік шотынан үлескерлердің ақшасын пайдалануға жол беріледі.

Екінші деңгейдегі банк үлескерлердің ақшасын жəне құрылыс салушының жəне (немесе) уəкілетті компанияның қарыз қаражатын банктік шоттардан бір мезгілде пайдалану туралы шешім қабылдауға құқылы.

8. Осы баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мүлік тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жергілікті атқарушы органда тіркелген кезден бастап үлескерлердің кепілдігінде деп есептеледі.

9. Екінші деңгейдегі банк осы баптың 3-тармағының 1) және

2) тармақшаларында көрсетілген кепілге қойылған мүлікті өткізу туралы шешім қабылдаған кезде кепілге қойылған мүлікті өткізуден түскен ақша ақшаны қайтару туралы талап қойған үлескерлердің және екінші деңгейдегі банктің талаптарын қанағаттандыруға бағытталады. Кепілге қойылған мүлікті өткізуден түскен ақша жеткіліксіз болған кезде осы мүлікке өндіріп алуды қолдануға және оны өткізуге байланысты шығыстарды жабу үшін қажетті сомаларды ұстап қалғаннан кейінгі айырма үлескерлер мен екінші деңгейдегі банк арасында осы талаптарды қанағаттандыру кезіндегі олардың талаптарының мөлшерлеріне пропорционалды түрде бөлінеді.

10. Кепілге қойылған мүлік өткізілген жария сауда-саттық өткізу күніне дейін өз талаптарын мәлімдемеген үлескерлерге берілуге тиісті ақша тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарына сәйкес банктік салым шотына бағытталады.

Кепілге қойылған мүлікке өндіріп алуды қолданған және оны өткізген кезде екінші деңгейдегі банк тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасалған кезден бастап үлескерлердің сенім білдірілген тұлғасы деп танылады.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Уәкілетті компания осы Заңның 17-бабында белгіленген тәртіппен үлескерге көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесін берген кезден бастап кепіл құқығы тоқтатылады.

 

10-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы соңғы үш жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде отыз алты мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде он сегіз мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасының аумағында салуға және пайдалануға беруге міндетті. Бұл ретте құрылыс салушының еншілес мекемелерінің жиынтық тәжірибесі ескеріледі.

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін құрылыс салушы уәкілетті компания құрады немесе көппәтерлі тұрғын үй құрылысының бір жобасынан көп емес қызметті жүзеге асыру үшін өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бір жүз пайызын сатып алады.

Көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жобасы бір жер учаскесінде бірнеше құрылыс объектісін көздеуі мүмкін.

Егер мұндай құрылыс көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жобасында көзделген болса, бірнеше жер учаскесінде құрылыс объектілерін салуға жол беріледі.

Құрылыс салушы көппәтерлі тұрғын үй құрылысының алдыңғы жобасын салу, іске қосу және пайдалануға қабылдау бойынша өз міндеттемелерін орындаған уәкілетті компанияны немесе өзі жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын өзге де заңды тұлғаны тартуға құқылы.

3. Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін уәкілетті компанияның:

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат;

2) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;

3) инжинирингтік компанияның есебімен расталған көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасының аяқталған құрылысының болуы;

4) инжинирингтік компаниямен шарты болуы міндетті.

4. Осы баптың 3-тармағында айқындалған мүлік қандай да бір ауыртпалықтардан, құқықтардан және үшінші тұлғалардың талаптарынан еркін болуға тиіс.

5. Құрылыс салушы және уәкілетті компания осы бапта белгіленген талаптарға сай болған жағдайда, құрылыс салушы мен уәкілетті компания облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына осы Заңның 18-бабында белгіленген тәртіппен үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алу үшін өтініш жасайды.

6. Уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алғаннан кейін көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен ұйымдастырады.

7. Осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 3)тармақшаларында көрсетілген мүлік тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жергілікті атқарушы органда тіркелген кезден бастап үлескерлердің кепілдігінде деп есептеледі.

8. Осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мүлікті кепілге беруге жол берілмейді.

9. Уәкілетті компания көппәтерлі тұрғын үй құрылысын аяқтау жөніндегі міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда үлескерлер Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті компанияның банкроттық рәсіміне бастамашылық жасауға құқылы.

10. Уәкілетті компания банкрот болған жағдайда үлескерлер көппәтерлі тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылысы кооперативін құруға құқылы.

11. Уәкілетті компания осы Заңның 17-бабында белгіленген тәртіппен үлескерге көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін берген кезден бастап кепіл құқығы тоқтатылады.

 

 

4-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ ШАРТ

 

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 11-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт электрондық нысанда электрондық цифрлық қолтаңбамен куəландыру арқылы жасалады және осы Заңның 12-бабында көзделген тәртіппен көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің орналасқан жеріндегі жергілікті атқарушы органда оны есепке қойған кезден бастап жасалған болып есептеледі.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың тараптары іс жүзіндегі мекенжайының және (немесе) басқа жеке деректерінің өзгеруі туралы күнтізбелік отыз күн ішінде бір-біріне жазбаша хабарлауға тиіс.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың берілген күні мен нөмірі немесе кепілдік беру туралы жасалған шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі.

Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы жасалған шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт:

1) бөлме бойынша өтеудің тең шамаластығы (алынатын үлестің тұрғын алаңы жылжымайтын мүліктің меншік иесі беретін реновациялау объектісінің тұрғын алаңынан кем болмауға тиіс);

2) тең құнмен өтеу талаптарымен жасалады.

Өзге талаптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Реновациялау объектілерінің жылжымайтын мүлкінің меншік иелерімен жасалатын, реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанында белгіленген мерзімде қол қойылады.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша берілетін үлес белгіленген құрылыс, санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, өртке қарсы, техникалық жəне басқа да міндетті нормаларға сəйкес келуге тиіс.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Уəкілетті компания реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша реновациялау объектісінің жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үйді жалдау шығыстарын жəне (немесе) өзге де шығыстарды уəкілетті компанияның реновациялау объектісінің жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үй жəне (немесе) өтемақы төлемдерін беру тəртібіне сəйкес өтеуге міндетті.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

8. Реновациялау объектісінің немесе реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иесі уəкілетті компаниядан үлес беру туралы шартқа қол қою қажеттілігі туралы хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде үлесті қабылдауға міндетті.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

9. Кепілдік беру жағдайы басталған кезде уəкілетті компанияның реновациялау объектісінің немесе реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелері алдындағы уақытша тұрғын үй жəне (немесе) өтемақы төлемдерін беру жөніндегі міндеттемелері уəкілетті компанияның реновациялау объектісінің жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үй жəне (немесе) өтемақы төлемдерін беру тəртібіне сəйкес жүзеге асырылады.

 

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

11-1-бап. Көппəтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілі

Көппəтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі, оның ішінде өткізілмеген үлестердің кепілін көппəтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің тұрған жеріндегі жергілікті атқарушы орган уəкілетті орган бекіткен тəртіпке сəйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйесінде міндетті түрде тіркеуге тиіс.

 

12-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алу

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар, сондай-ақ талап ету құқығын басқаға беру туралы шарт тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті компанияның ұсынысы бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің орналасқан жеріндегі жергілікті атқарушы органда міндетті түрде есепке алынуға жатады.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты есепке алу уәкілетті орган бекіткен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқығын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Осы баптың ережелері реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарға қолданылады.

 

13-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты өзгерту және бұзу

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа ол жасалғаннан кейін тараптардың келісуі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа қосымша келісімдер де жергілікті атқарушы органдарда міндетті түрде есепке алынуға жатады.

2. Үлескердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруіне ол шарттың бағасын төлегеннен кейін немесе бір мезгілде, уәкілетті компания келіскен жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес борышын қолма-қол емес тәртіппен жаңа үлескерге аударғаннан кейін ғана жол беріледі.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Үлескердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруіне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің орналасқан жеріндегі жергілікті атқарушы органда есепке алынған кезден бастап тараптар салынған көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті беру туралы тапсыру актісіне қол қойған кезге дейін жол беріледі.

4. Үлескер - жеке тұлға қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда, оның тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлеріне ауысады.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Осы баптың ережелері реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға қолданылады.

 

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 14-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14-бап. Үлескердің жəне реновациялау шеңберіндегі үлескердің құқықтары мен міндеттері

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Үлескер жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескер:

1) осы Заңның 22-бабында айқындалған ақпаратты алуға;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруге;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын уәкілетті компанияның тиісінше орындауын талап етуге;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) уəкілетті компаниядан техникалық зерттеп-қарау нəтижелері бойынша сатып алынатын жалпы алаңның нақты азаюы нəтижесінде ақша төлеуді талап етуге;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйесінде міндетті түрде тіркей отырып, көппəтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті кепілге беруге құқылы.